Симчевич «Ақтөбеде» қалады
«Ақтөбенің» капитаны әрі қорғаушысы Александр Симчевич командада жалғасты өнер көрсетеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осының алдында сербиялық легионердің «Ақтөбеден» кетіп, мансабын «Ордабасыда» жалғастырады деген ақпарат тараған болатын. Бірақ шымкенттік клубтың басшылығымен арада өткен келіссөздерден соң Симчевич «ақ-қызылдар» сапында қала беретін болып шешілді.
«Ақтөбе» басшылығы «Ордабасы» ФК президенті Бақтияр Даниярұлы Байсеитовқа «Ақтөбе» ФК-ның жағдайына түсіністікпен қарап, келіссөздерге оң ықпал танытқандығы үшін алғыс білдіреді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или