Саян Хамитжанов: Кабананганың «Астана» сапына бейімделуіне өте аз уақыт кетеді

Саян Хамитжанов: Кабананганың «Астана» сапына бейімделуіне өте аз уақыт кетеді

«Астана» футбол клубының Президенті Саян Хамитжанов конголық шабуылшы Жуниор Кабананганы қатарға қосу туралы өз пікірімен бөлісті, деп жазады елордалық клубтың баспасөз қызметі.

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">«Астана» шабуыл шебіне лайықты ойыншы табу үшін үлкен іріктеу жұмысын жүргізіп жатыр. Алайда, командаға жылдам бейімделіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті, шеберлігі мықты шабуылшы табу өте қиын.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Біз «Аль-Наср» (Сауд Арабиясы) командасының басшылығымен осыған дейін «Астана» сапында өзін дәлелдеп үлгерген Жуниор Кабананганы жалға алу үшін күрделі келіссөздер жүргіздік. Команда бапкерлер құрамы Жуниордың кандитатурасын лайықты деп қабылдап, біз «Аль-Наср» командасынан Кабананганы 1 жылға, яғни 2019 жылдың шілдесіне дейін жалға алу туралы келісімге қол қойдық. Ал Кабананга өз кезегінде «Астананың» алдына қойған мақсаттарына жетуі үшін көмектеседі деген сенімдеміз.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Кабананга – барлығымызға өте жақсы таныс шабуылшы. Біздің клубтың еуропалық жетістіктері оның есімімен тікелей байланысты. Жуниор өзінің жеке шеберлігін еуропа ареналарымен қатар, 2017 жылғы Африка Ұлттар Кубогында сұрмерген атану арқылы дәлелдеген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или