Қазақстан қыздар құрамасы (U-17) халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан қыздар құрамасы (U-17) халықаралық турнирге қатысады

Шілде айының екінші жартысында Бішкекте «Үміт» халықаралық турнирі өтеді, оған 17 жасқа дейін Қазақстан қыздар құрамасы да қатысады, деп хабарлайды prosports.kz сайты ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстандық<span> ұйымдастырушылар </span>Қазақстан жасөспірімдер құрамасына (U-17) аталған турнирге қатысуға ұсыныс жасаған.

Турнир 2018 жылдың 17-22 шілдесі аралығында Бішкек қаласында орналасқан Долон Өмірзақов атындағы стадионда өтеді. Біздің команда Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген футболшылармен күш сынасады.

14 шілдеден бастап қазақстандық футболшылар Талғарда оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Құрамаға шақырту алған ойыншылар:

Қақпашылар: Аружан Оразбекова (Астана), Әйгерім Түймебаева (Шымкент);

Қорғаушылар: Ясмина Мұқашова, Дилназ Жәкішева, Гүльмира Ташмет (барлығы - Астана), Александра Бурова, Алена Иванова, Фаиза Исмаилова (барлығы - Шымкент), Гүлім Кенжетай (Алматы);

Жартылай қорғаушылар: Елдана Әйтіимбетова, Айя Шолақова, Алина Шалмұқанбетова (барлығы - Астана), Сабина Махаматова (Шымкент), Жансая Көпжанова (Қызылорда);

Шабуылшылар: Лейла Садықова (Ақтөбе), Татьяна Герасимова (Ақтау).

Жаттықтырушылар штабы: Орынбасар Дәуренбекова - аға жаттықтырушыАбдуваит Юлдашев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Гүлнар Тұқтыбаева - дәрігер, Анастасия Журавлева - менеджер, Талғат Нұрмұхамбетов - администратор. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или