Екінші лига: Маусым айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) ресми сайтында Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің маусым айындағы үздік бапкері мен ойыншысының есімі аталды, деп хабарлайды prosports.kz.
Сауалнама Екінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
Сауалнама нәтижелері келесідей:
Екінші лиганың маусым айындағы үздік ойыншысы атағын тағы да «Қайрат М» шабуылшысы Марлен Айманов иеленді. Оның еншісінде - 13 ұпай.
Өткен айдың үздік бас бапкері атағы ЦСКА жетекшісі Асхат Қадырқұловқа қатарынан екінші рет берілді. Оны қолдағандардың саны - 7.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или