Қазақстандық бапкерлер «С» категориясына оқып жатыр

Қазақстандық бапкерлер «С» категориясына оқып жатыр
Астанада УЕФА-ның жаттықтырушыларға арналған «С» категориясының білім беру бағдарламасы бойынша дәріс басталды.
Қазақстан футбол федерациясы Техникалық орталығы УЕФА-ның жаттықтырушыларға арналған «С» категориясы бойынша алғашқы модуль 10-12 шілде аралығында өтті. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының міндеті – УЕФА-ның «С» категориясы бойыншы білім беру үшін Қазақстанның басқа аймақтарында өткізу. Техникалық орталық еліміздің төрт қаласында оқу орталығын ашуды көздеп отыр. Батыс өңірде іріктеу Ақтөбе қаласында өтеді. Оңтүстікте – Шымкент қаласы, шығыста – Өскемен. Алматы қаласы да емтихандарды қабылдау орталығы болып таңдалды. Өйткені, оңтүстік астанада оқуға түсуді қалайтындардың саны көп. Техникалық орталықтың нұсқаушылары белгіленген кесте бойынша аталған қалаларды аралап, үміткерлерді іріктейді. Осы қалаларда дәрістер оқытылады.

Қазақстан футбол федерациясының УЕФА-ның «JIRA» білім беру бағдарламасы бойынша «С» категориясына қабылдау емтихандарының мерзімдері:

6-7 тамыз 2018 жыл - Алматы

9-10 тамыз 2018 жыл - Шымкент

13-14 тамыз 2018 жыл - Өскемен

16-17 тамыз 2018 жыл - Ақтөбе.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или