ҚПЛ. Исаэльдің голы – он жетінші турдың үздігі

ҚПЛ. Исаэльдің голы – он жетінші турдың үздігі
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың он жетінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Өткен тур нәтижелі болды. Соғылған голдардың саны - 17. Төрт гол пенальтиден қақпаға енді. 
 
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі @pflkaz тобында дәстүрлі сауалнама жүргізілді. 
 
Бірінші орынды алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Исаэльдің «Ертіс» қақпасына соққына екінші голы иеленді. Бразилиялық шебердің голына дауыс бергендердің саны - 534.
 
Үздік үштік келесідей:
 
1. Исаэльдің екінші голы (Қайрат – Ертіс) – 534 дауыс;
2. Асхат Тағыберген голы (Ордабасы – Қайсар) – 334 дауыс;
3. Исаэльдің бірінші голы (Қайрат – Ертіс) – 200 дауыс.
 
Премьер-лиганың 17-турының үздік добы атанған Исаэльдің екінші голы «Шілде айының үздік голы» сауалнамасына қатысады. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или