Чебуриннің командасы Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық «Судува» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.
Бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Судува» өз алаңында кипрлік АПОЭЛ-ді 3:1 есебімен жеңді. Ойында Риджино Сисилиа хет-трик жасаған. Қонақтар сапынан Каджу бір гол соқты.
Енді қарымта кездесу 17 шілдеде Кипрде өтеді.
Айта кетейік, өткен маусымда «Судува» Еуропа лигасының іріктеуінде плэй-офф кезеңіне дейін жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или