Әлем чемпионатына жол тартқан қазақстандық блогер жол апатында қаза тапты
Әлем чемпионатына жол тартқан танымал блогер Уралдағы жол апатында қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ura.news порталына сілтеме жасап.
Оөиға 6 шілде күні Мәскеу-Челябинск автожолының 1592-ші шақырымында орын алды. Деректер бойынша, автокөлік жүргізушісі жолдың қарсы жолына шығып, үлкен жүк көлігімен соқтығысқан. Қатты соғылған жеңіл көлік өртеніп кеткен.
Оқиға орнына Челябинск облыстық өрт қауіпсіздігі қызметінің 10-шы өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары барған. Өртті сөндіргеннен кейін үш адамның мәйіті табылды. Автокөлікте Stence лақап атымен танымал қазақстандық блогер Сункар Килаж, онымен бірге әкесі мен немере ағасы болған. Үшеуі де оқиға орнында қаза тапқан.
Сұңқардың туыстарының айтуынша, олар әлем чемпионатыны ойынына Ресейге аттанған.

