«Астана» бүгін еурожорыққа шығады

«Астана» бүгін еурожорыққа шығады

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі бүгін басталады.

«Астана» клубы өз алаңында «Сутьеска» клубын қабылдамақ. Айта кетейік, «Сутьеска» клубының 90 жылдық тарихы бар. Команда Югославия партизандарының құрметіне осылай аталған. 

«Астана» өткен жылы Еуропа лигасының топтық кезеңінде екінші орын алып, жарыстың плей-офф кезеңінде португалиялық «Спортингке» жол берді. 

Бүгінгі кездесу «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфриде көрсетеді. Айта кетейік, кеше қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда Грузияның «Самтредиа» клубын 1:0 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или