Облыс әкімі «Шахтерге» 15 миллион сыйлады

Қарағандыда «Шахтер» клубының 55 жылдығы аталып өтті. Спортшыларға құрмет көрсету барысында облыс әкімі Бауыржан Әбдішев клубқа 15 млн теңгенің сертификатын тапсырды.

Футболдың дамуы мен насихатталуына қосқан үлесі үшін клуб басшылығын, команда ойыншылары мен бас жаттықтырушысын Бауыржан Әбдішев әкімнің алғыс хаттарымен марапаттай отырып 15 млн теңгенің сертификатын табыс етті.

«Қазақстан спортшыларының табысы оның ішінде «Шахтердің» де жетістігі бар кездейсоқтық емес. Бұл спортты дамытуға қатысты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ойластырылған саясатының арқасы», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы, «Шахтердің» мерейтойға жақсы жетістікпен келгенін атап өтті.Команда Қазастанның екі дүркін чемпионы. Қазақстан кубогы мен суперкубоктың иегері. Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында жақсы нәтиже көрсетті.

«Сіздердің қолдауларыңыз командаға ынталандырды, жеңіске жетеледі. Жеңіс қаланың ғана емес бүкіл облыстың мерекесіне айналды. Бұл спорттың ең тартымды, ең жақсы тұсы. Команданың жеңісі жерлестеріміздің мерейін көтеріп, серпін береді»,- деді Б.Әбдішев жанкүйерлерге.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или