Франция Бельгияны жеңіп, финалға жолдама алды
Франция Бельгияны жеңіп, финалға жолдама алды. Кеше Санкт-Петербургте Әлем чемпионатының жартылай финалы аясында екі мықты құрама кездесті. Матч өте тартысты болған. Екі команда ойынды жылдам бастады. Алайда, бірінші таймда жанкүйерлер соғылған колдың кәугері болмады.

Ойынның 51-ші минутында «Барселонаның» қорғаушысы Самуэль Умтити есепті ашты. Ақыр аяғында тоблодағы есеп өзгермеді.


Франция құрамасы чемпионаттың финалында Англия-Хорватия жұбының жеңімпазымен ойнайды. Турнирдің ақтық кездесуі 14 шілде күні «Лужники» стадионында өтеді.
Франция – Бельгия 1:0
Гол: Самуэль Умтити (51).
Құрамалар тізімі:
Франция: Льорис, Павар, Варан, Умтити, Эрнандес, Погба, Канте, Матюиди, Гризманн, Мбаппе, Жиру.
Бельгия: Куртуа, Алдервейрелд, Компани, Вертонген, Шадли, Феллайни, Витсель, Дембеле, Азар, Де Брёйне, Лукаку.
Бас төреші: Андрес Кунья (Уругвай).
11 шілде. Санкт-Петербург. «Санкт-Петербург» стадионы.