Григорчук: Менің Еурокубоктардағы тәжірибем бізге көмектесетін болады
«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында «Сутьескаға» қарсы өтетін матч туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

- «Астанамен» бірге Чемпиондар Лигасына қатысқалы отырсыз?

- Мен команданың ойындарын ешқашан маңызды матч немесе қатардағы ойын деп бөлмеймін. Барлық ойындарға максималды дайындықпен шығуымыз керек. Менде еуропалық турнирлерде жинаған мол тәжірибе бар. Менің осы тәжірибем командаға көмектесуі керек.

- Команданың жаңа ойыншылары алаңға шығуға дайын ба?

- Шынын айтқанда Альмейда бізбен бірге 5 күн ғана жаттығуға қатысты. Оның алдында екі ай бойы доп тепкен жоқ. Ал Антонио жайлы сөз бөлек. Ол жақында ғана Әлем біріншілігінен келді. Өз бабында. Ертең негізгі құрамнан көріп қалуымыз да мүмкін.

- Альмейданың «Астана» сапында жақсы өнер көрсете алмай қалуынан алаңдамайсыз ба?

- Мен ештеңеден қорықпаймын. Әрі бұл сұрақты орынды деп ойламаймын.

- Команданың трансферлік бағыты өзгерген секілді. Бұған дейін «Астана» құрамына Максимович сияқты жас ойыншылар келетін. Ал қазір сіздер біршама егде жастағы ойыншылармен толығып жатырсыздар. Мұның себебі неде?

- Мен сізге себебін айтайын: біз ойыншының жасына қарамаймыз. Кейбір ойыншының жасы 25-26-да болғанымен, мотивация және физикалық жағынан 40 жастағыдай болуы мүмкін. Ал кейбір мол тәжірибесі бар, 15 жыл бойы жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан футболшылардың жаттығуға ынтасы мен ойынға қызғындылығы өте жоғары болады.
- «Сутьескаға» қалай баға бересіз? Сіз командаңызды осы жұптың фавориті деп есептейсіз бе?
- «Сутьеска» - өте мықты қарсылас. Олар қарапайым және тиімді футбол ойнайды. Командаға техникалық және тактикалық тұрғыда өте мығым ойыншылар жиналған. Сондықтан, бұл кездесуде айқын фаворит жоқ.
- «Астана» екі бірдей футболшы сатып алды. Сіз команданың трансферлік жұмысын қалай бағалайсыз?
- Трансферлік терезе әлі жабылмады. Сондықтан жұмыс үрдісі жалғасады деп ойлаймын. Мен әлі де сапалы жаңа ойыншылардың қатарға қосылуын асыға күтемін.
- Патрик Твумаси командадан кетті ме? Ойыншылар тізімінде оның есімі жоқ, Твумасиді жоғалту командаға қаншалықты әсер етеді?
- Мен не айта аламын... Твумаси өте жоғары деңгейдегі ойыншы. Ол клуб үшін көп тер төкті. Бірақ біз онсыз ойнауға үйренуіміз керек. Дегенмен, Патрик әлі де «Астананың» ойыншысы болып табылады. Трансферлік мәселесіне соңғы нүкте әлі қойылған жоқ.