Жанкүйерлер маусым айының үздік голын анықтады

Жанкүйерлер маусым айының үздік голын анықтады

«Астана» футбол клубының ресми парақшасында жанкүйерлер маусым айында соғылған үздік голды дауыс беру арқылы анықтады, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Роман Муртазаевтың «Қайрат» қақпасына соққан голы жанкүйерлер тарапынан 50%-ға жуық дауыс жинап, үздік атанды. Бұл гол өте әдемі шығып, елорда командасына жеңіс сыйлаған еді.

Екінші орында Муртазаевтың тағы бір голы үздік шықты. Бұл жолы Романның «Ертіс» қақпасына соққан голы 16,4% дауыс жинаған болатын.

Үздік үштікті Дмитрий Шомко қорытындылады. «Астана»  вице-капитаны шымкенттік «Ордабасы» қақпасына оң аяқпен тамаша соққы бағыттап, Давид Лория қорғаған қақпадан саңылау тапқан еді.

Дауыс беру бойынша үздік үштік:
1. Муртазаевтың «Қайрат» қақпасына соққан голы 49,7%
2. Муртазаевтың «Ертіс» қақпасына соққан голы 16,4%
3. Шомконың «Ордабасы» қақпасына соққан голы 12,7%

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или