Твумаси Испания біріншілігіне ауысуға жақын

Твумаси Испания біріншілігіне ауысуға жақын
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» шабуылшысы Патрик Твумасидің испаниялық «Алавес» клубына ауысуына қатысты келіссөздер айтарлықтай алға жылжыды, деп жазады Graphic.com.gh сайты

«Graphic Sports Твумасидің клубы - «Астана» мен «Алавес» арасындағы келіссөздер шарықтау кезеңінде екенін растайды. Және ганалық футболшы жеке келісімшарттың шарттарын келісу үшін жуық арада Испанияға ұшып шығады деп күтілуде», - деп жазады басылым.

«Астана» Твумасидің клубтағы орнын босатуды ойластырып жатқаны туралы бұған дейін белгілі болған еді. Бірақ оның ресми себебі аталмады.

Айта кетейік, жазда Патрик Твумасиге тағы бір клуб - түркиялық «Гезтепе» қызыққан болатын. Бірақ «Астана» оның ұсынысын қабыл алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер