Англия жартылай финалға жолдама алды

Англия жартылай финалға жолдама алды

Футболдан Әлем чемпионатының ширек финалы аясында кездескен Швеция мен Англия құрамалары арасындағы ойында ағылшындар басым түсті.

Алғашқы минуттан швед қақпасына жойқын шабуылдарға шыққан ағылшындықтар 30-шы минутта Харри Магуайрдың көмегімен алға шықты. Бұрыштамадан асырылған допқа алғашқы жеткен қорғаушы Ольсен күзеткен қақпадан саңылау тапты.

Екінші таймда Гарет Саутгейт шәкірттері Делле Аллидің көмегімен есепті еселей түсті. 59-шы минутта қапталдан асырылған пасқа алғашқы болып жеткен Алли ойынның соңғы нүктесін қойды. Осылайша, Англия құрамасы жартыла финалға жолдама алып, Ресей - Хорватия жұбының жеңімпазымен кездесетін болады

Қорытынды есеп: Швеция – Англия 0:2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или