«Қайрат» өз алаңында «Ертісті» еш қиындықсыз жеңді
Қазақстан Премьер лигасының 17-ші туры аясында «Қайрат» командасы өз алаңында «Ертісті» қабылдады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алматының орталық стадионында өткен ойын 4:0 есебімен аяқталды.
Өткен турда «Қайрат» сырт алаңда «Қайсарды» ұтса, «Ертіс» өз алаңында «Жетісудан» жеңілген болатын.
Маусым басталғалы негізгі құрамдағы ойыншыларын сапырлыстырып жүрген алматылық клубтың бас бапкері Карлос Феррер бүгін де құрамға азырақ өзгеріс енгізді. Сол қапталда Вороговский негізгі құрамда шығып, орталық қорғанысқа Элек орналасты. Ал команда капитаны Бауыржан Исламхан қайта мүмкіндік алды. Ал шабуылға жазғы трансферде қатарға қосылған Эсеола шықты.
Бірінші таймда алаң иелері алғы шепетегі легионерлеріне сүйеніп есепте үлкен басымдылыққа қол жеткізді. Алғашқы 45 минут аяқталғанша есеп 3:0-ге жетті.
Екінші таймда да ойын басымдылығы алаң иелерінің қолында болды. Сол толассыз шабуылдарының арқасында Исаэль төртінші голды соқты. Осылайша, алматылықтар көптен күткен ірі жеңістеріне қол жеткізді.
Премьер лига. 17-ші тур
«Қайрат» - «Ертіс» 4:0 (3:0)
Гол соққандар: Исаэль (24, 58), Эсеола (27), Аршавин (44)
«Қайрат»: Стас Покатилов - Ғафуржан Сүйімбаев, Шелдон Бато, Ян Вороговский - Хуан Фелипе, Акош Элек, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан - Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин, Адеринсола Эсеола.
«Ертіс»: Никита Калмыков - Руслан Есімов, Александр Кислицын, Милош Стаменкович, Адриан Аврамиа, Дмитрий Шмидт - Адриан Гомес, Кирилл Шестаков, Дору Попадюк, Владимир Воменко - Карлос Фонсека.