«Ордабасы» өз алаңында «Қайсардан» жеңіліп қалды
Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының 17-ші туры аясында «Ордабасы» өз алаңында «Қайсарды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа маусымды сүреңсіз өткізіп жатқан шымкенттік команда бас бапкерін алмастырса да жүрістері түзелер емес. Өткен турда «Астанадан» жеңілген Кахабер Цхададзе шәірттері бүгін өз алаңында Қызылордадан келген қонақтарға есе жіберді.
Ойындағы есепті өздері ашқанымен, алаң иелері жеңісті есепті ойын соңына дейін ұстап тұра алмады. Екінші таймда екі гол соққан «Қайсар» маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
Премьер лига. 17-ші тур
«Ордабасы» - «Қайсар» 1:2 (1:0)
Гол соққандар: Диакате 9 - Курьор 58, Тағыберген 77
«Ордабасы»: Лория (Қ), Фонтанелло, Бочаров, Диакате, Ковальчук, Бертольо, Ерланов, Толебек (К), Досмагамбетов, Жаксыбаев, Тунгышбаев.
«Қайсар»: Григоренко (Қ), Граф, Ламанж, Курьор, Пуношевац, Аржанов, Нарзилда, Коробкин, Амирсеитов, Чуреев, Байжанов.