«Тобыл» мен «Астана» тең тарқасты
Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының 17-ші туры аясында «Тобыл» өз алаңында «Астананы» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа бапкер келгелі елордалық клубтың қарқыны қатты. Роман Григорчук шәкірттері қатарынан алпауыт қарсыластармен күш сынасуда. Алдымен сырт алаңда «Қайратты» қапы қалдырған еді. Өткен турда тағы бір мықты қарсыласы «Ордабасыдан» да толық үш ұпай алды.
Ал бүгін турнирлік кестеде үшінші орында тұрған «Тобылмен» күш сынасты. Тартысқа толы кездесуде қос команданың да гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болғанымен, есеп ашылған жоқ. Тоқсан минут бойы жасыл алаңның шаңын шығарған футболшылар қақпаны дұрыс көздей алмай пұшайман болды.
Премьер лига. 17-ші тур
«Тобыл» - «Астана» 0:0
«Тобыл»: Бусурманов (Қ), Жулпа, Канкава, Кассай, Квеквескири, Дмитренко, Мирошниченко, Нургалиев (К), Турысбек, Федин, Нусербаев.
«Астана»: Эрич (Қ, К), Аничич, Кляйнхайслер, Маевский, Деспотович, Томасов, Шомко, Бейсебеков, Постников, Мужиков, Муртазаев.