«Ювентустің» бұрынғы президенті Роналду Мюнхенде медициналық тексеруден өтті деп мәлімдеді
«Реал Мадрид» шабуылшысы Криштиану Роналду Мюнхенде медициналық тексеруден өтіп, аталмыш клубпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұл туралы «Ювентустің» бұрынғы президенті Лучано Моджи өзінің твиттер парақшасында мәлімдеді.
Secondo me ha già firmato e fatto le visite a Monaco di Baviera #CR7
— Luciano Moggi (@LucianoMoggi) 4 июля 2018 г.
«Менің ойымша, ол келісім жасасты және Мюнхенде медициналық тексеруден өтті», - деп жазған бұрынғы президент.
Бұрын хабарланғандай, «Ювентус» 33 жастағы Португалия шабуылшысына 100 миллион еуро төлейді. Итальяндық клубтағы еуропалық чемпионның жалақысы әр маусымда 30 миллионға еуроға бағаланбақ.
Естеріңізге сала кетейік, Роналду соңғы Чемпиондар Лигасының финалынан кейін «Реалдан» кететіні туралы айтып қалған болататын. Бұған себеп - корольдік клуб президенті Флорентино Переспен болған келіспеушілікте.
Өткен маусымда Роналду «Реалда» 42 ойын өткізіп, 42 гол соқты.