«Қайрат» қос бірдей шабуылшысымен қоштасты
«Қайрат» командасының шабуылшылары Чума Анене мен Уго Сильвейра алматылық клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kazfootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған екі футболшы алматылық клубтың бас бапкерінің де, жанкүйерлерінің де көңілінен шықпады. Өйткені, соңғы ойындарда испаниялық маман бірнеше мәрте бас шабуылшысыз ойнап көрді. Чуманы да, Угоны да алаңға шығармай, шабуыл шебінде Аршавин, Исаэль, Иличечич үштігіне сенім артқан кездері болды.
Оның үстіне жақында ғана командаға ҚПЛ-дің бүгінгі таңдағы үздік сұрмергені Эсеола келді.
25 жастағы шабуылшы Чума Анене 2017 жылдың наурыз айында «Амкардан» ауысып келген. Норвегиялық шабуылшы содан бері Премьер-лигада 29 кездесуде 8 гол соқты. Осы маусымда 9 ойынға қатысып, 4 гол соқты.
Ал 24 жастағы уругвайлық ойыншы Уго Сильвейра «Қайратқа» биыл жыл басында келді. Алайда, Алматыда ол өзін нағыз шабуылшы ретінде көрсете алмауда. Жыл басынан бері еншісіне бар болғаны 4 гол ғана жаза алды.