Ресми: Виктор Кумыков «Атырау» ФК бас бапкері қызметіне тағайындалды
Ресейлік маман Виктор Кумыков «Атырау» ФК бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубытң ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін жаңа жаттықтырушы «Мұнайшылар» командасымен таныстырылды.
Виктор Кумыков «Шахтерде» жұмыс істеген. Ресейлік маманнның басшылығымен алғаш рет қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының плей-оффына және Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алған болатын.
Кумыков «Спартак Нальчик» (Ресей), «Елімай» (Қазақстан), «Қайсар» (Қазақстан), «Машал» (Өзбекстан), «Насаф» (Өзбекстан), «Шахтер» (Қазақстан), «Ордабасы» (Қазақстан), «Алмалық» (Өзбекстан) командаларының бас бапкері ретінде жұмыс істеді.
Виктор Кумыковтың жетістіктері:
Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2009, 2010.
Қазақстан чемпионы: 2011.
Қазақстан Кубогінің иегері: 2013
Қазақстан Суперкубогының иегері: 2013.