Халықаралық байланыс комитетінің отырысы өтті

Халықаралық байланыс комитетінің отырысы өтті

Қайрат Боранбаевтың төрағалығымен Қазақстан футбол федерациясының Халықаралық байланыс комитеті бас қосты, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында комитет мүшелерінің өткен кездесудің қорытындысы бойынша тапсырмаларды жүзеге асыру баяндамалары тыңдалды.

Комитет Қазақстан футбол федерациясының УЕФА-ның әртүрлі бағдарламалары мен гранттарына қатысу мүмкіндігін қарады. Сонымен қатар, алдағы үш айға нақты жұмыс жоспары белгіленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или