Тұманды альбиондықтар Колумбияны жеңді
Бүгін Ресей жасыл алаңында өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Мәскеуде Испания және Ресей құрамалары кездесті.
Бірінші таймда есеп ашылмады.
Екінші таймда колумбиялықтар жиі тәртіп бұзуға мәжбүр болды. Ақыры 54-минутта бұрыштамадан доп берілген кезде Карлос Санчес Кейнді қолымен ұстап, жібермей, жерге жықты. Кейн 57-минутта 11 метрлік жерден гол соғып, есепті ашты.

Алайда, ойынның қосымша минуттарында колумбиялық Ерри Мина гол соғып, есепті теңестірді. Бұл оның осы біріншіліктегі үшінші голы еді. Осылайша Колумбия мен Англия құрамалары негізгі уақытта 1:1 есебімен тең ойнады.

Қос экстратайм да жеңімпаз анықталмады.
Пенальтилер бойынша есеп 4:3 болып есеп британдықтардың пайдасына шешілді.
Колумбия – Ұлыбритания- 1:1, пенальти — 3-4
Голдар: Гарри Кейн (57), Мина (90+3), пенальти Радамель Фалькао, Хуан Куадрадо, Луис Муриэль, Гарри Кейн, Маркус Рэшфорд, Киран Триппьер, Эрик Дайе.
Құрамалар тізімі:
Колумбия: Оспина, Арьяс, Мина, Д. Санчес, Мохика, К. Санчес, Барриос, Кинтеро, Лерма, Куадрадо, Фалькао.
Ұлыбритания: Пикфорд, Уолкер, Стоунс, Магир, Триппьер, Хендерсон, Лингард, Алли, Янг, Стерлинг, Кейн.
Бас төреші: Марк Гейгер (АҚЩ)
3 шілде. Мәскеу. «Открытие Арена» стадионы