Аршавин: Ресейдің Әлем чемпионаты кубогына ие болғанын қалаймын

Аршавин: Ресейдің Әлем чемпионаты кубогына ие болғанын қалаймын

Алматыда McDonalds жедел тамақтану қызметін көрсететін қазақстандық компания ұйымдастырған брифингте Бауыржан Исламхан мен Андрей Аршавин футболдан болып жатқан Әлем чемпионатына өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

<span>Андрей Аршавин Ресей құрамасын ширек финалға өткен командалардың ішіндегі әлсізі деп санайды. Алайда ол Әлем чемпионатының кубогына Ресей командасы ие болғанын қалайды.</span>

<span> «Егер ақтық кезеңде Бразилия мен Франция кездесетін болса, Бразилия құрамасының күші басым түседі деп ойлаймын. Алайда мен Ресей құрамасына жақтасамын», - деді Аршавин.</span>

<span>Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан: Мен футболдан әлем біріншілігінде Аргентина мен Испанияның ойынына қолдау білдірдім. Испания құрамасының ойыншысы Иньестаны ұнатамын. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, олар ойыннан шығып қалды. Бұған бола көңілімді түсірген жоқпын, мен әрқашан жақсы ойынның жанкүйерімін.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или