Ресми: Йоахим Лев Германия құрамасының бас бапкері қызметінде қалады
Германия футбол федерациясы Йоахим Лев ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босатылмайтынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды prosports.kz.
Лев 2006 жылдан бастап неміс құрамасын басқарып келеді. Осы аралықта Германия құрамасы 2010 жылғы Әлем чемпионатының, екі мәрте - Еуропа чемпионатының қола жүлдесін (2012 және 2016 жж.) жеңіп алды. Сондай-ақ, 2014 жылы әлем чемпионы және 2017 жылғы конфедерация кубогының иегері атанды.
Алайда, 2018 жылғы Әлем чемпионатында Германия құрамасы өз тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңінен тыс қалды. F тобында Мексика мен Оңтүстік Корея командаларынан жеңіліп, тек Швецияны ғана жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или