Қуаныш Бегалин «Екібастұз» клубына ауысты
25 жастағы шабуылшы Қуаныш Бегалин «Екібастұз» клубына қайта оралды, деп хабарлайды prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Екібастұз футбол мектебінің түлегі Қуаныш Бегалин өткен маусымда туған командасы «Екібастұзда» өнер көрсеткен еді. 23 ойында алаңға шығып, 8 гол соққан болатын.
Ал биылғы маусымды «Мақтаарал» командасында бастады. Жетісайлық клуб сапында ол 15 ойынға қатысып, 4 гол соқты.<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или