Just Wrestling
Күрес

Екін күрес әлемінің жас балуандары Алматыда бас қосады

Екін күрес әлемінің жас балуандары Алматыда бас қосады
news-banner7
mobile-news-top

Алатау бөктерінде бұрын соңды болмаған дүбірлі дода өтеді, деп хабарлайды prosports.kz тілшісі.

6 шілде күні, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде еркін күрестен жастар арасындағы ұлттық құрамалардың кездесуі өтеді. Бұл күні Қазақстан, Ресей, АҚШ, Украина, Өзбекстан және Қыргызстан сынды күрес алпауыттары кім мықтыны анықтайды.

Жарыс кубоктық форматта, он салмақ дәрежесі (57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97, 125) бойынша өтеді. Турнир елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылуда. Ал ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресінің федерациясы бұған дейін хабарлағандай Қазақстан командасының негізін еркін күрес академиясының жас балуандары құрамақ.

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінің вице-президенті Ерлан Кожасбай:

- Өздеріңіз білесіздер осыдан бір жыл бұрын Алматы қаласында Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен еркін күрес академиясын ашқанбыз. Ол жерде 23 жасқа дейінгі 50-ге жуық палуандар тұрып жаттығады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген дарынды жас балуандар академияда тұрып, жүйелі түрде жаттығуда. Спортшылар дайындықтрын пысықтау үшін барлық мүмікіншілік жасалған. Академияда үлкен күрес залы, жаттығу залы, екі футбол алаңы бар. Сондай-ақ белтемір, арқан тарту, қоссырықпен жабдықталған. Еркін күрес академиясының басшысы және бас жаттықытырушысы лауазымына даңқты балуан, Олимпиада чемпионы, 5 дүркін әлем чемпионы Қажымұрат Гацаловты тағайындадық. Қазіргі таңда, академияның жұмыс нәтижесін көріп оырмыз.Біріншіден, академия атынан күресіп жүрген балуандарда өзіне деген сенімділік бар. Екіншіден, олардың халықаралық жарыстрдан алып жатқан жүлелері де дәлел. Шымкенттегі соңғы Қазақстан чемпионатында академияның жас балуандары күтпеген жерден мықтыларды жығып жатқанын да көрдік. Сол себепті алдағы, 6 шілдеде өтетін турнир балуандарымызға халықаралық дәрежеде өздерін көрсетіп, бір жұдырықтай жұмылып ел намысын абыроймен қорғау үшін үлкен мүмікіншілік ашады.

Естеріңізге салайық, еркін күрестен ұлттық құрамалар арасындағы кездесу 6 шілде күні Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер