«Астана» клубының тәрбиеленушілері Душанбедегі халықаралық турнирде жеңіске жетті
Душанбеде 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қазақстаннан келген командалар арасында халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
<span>Біздің ел намысын 2003 жылы туған «Астана» футбол орталығының командасы қорғады. </span>
<span>Біз осыған дейін хабарлағанымыздай, Владимир Глевич шәкірттері топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтап, соңғы ойын күнінде «Кайракум» (Хутжан) командасын 5:2 есебімен жеңіп, топтық кезеңде бірінші орынға қол жеткізді. </span>
<span>Ал астаналықтар финалда ФЦ «Душанбе» командасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңді. Кездесуде Олжас Әділ мен Алан Якупов нәтижелі соққыларымен көзге түсті. </span>
<span>Турнир қорытындысы бойынша Алан Якупов үздік сұрмерген атанды.</span>