Испания королі Владимир Путинді жеңіспен құттықтады
<span>Ресей президенті Владимир Путин Испания королімен телефон арқылы сөйлесті. </span>
<span>The Qazaq Times ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында кездескен Ресей және Испания ойынынан кейін Испания королі VI Филлиппен телефон арқылы сөйлескен. Онда ол Ресей құрамасының Испанияға қарсы өткізген ойында ұтымды тактика ұстанғандығын және Испания ойыншыларының жоғары деңгейде өнер көрсеткендігін айтқан. </span>
<span>Өз кезегінде Испания королі VI Филлип Владимир Путинді Ресей ұлттық құрамасының әлем чемпионатының ¼ финалына шығуымен құттықтап, Ресей құрамасына сәттілік тілеген. </span>
<span>Естеріңізге салайық, маусым айының 1-і күні әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Ресей құрамасы Испаниямен кездескен. Кездесу барысында қос құрама негізгі уақытта 1-1 есебімен тең түсіп, кездесу ойын соңындағы пенальти сериясына жалғасқан. Нәтижесінде Ресей құрамасы испаниялықтарды 4-3 есебімен тізе бүктіріп, әлем чемпионатының ¼ финалына жолдама алған.</span>