Мирошниченко мен Дмитренко «Ақтөбенің» қарызын кешірді

Мирошниченко мен Дмитренко «Ақтөбенің» қарызын кешірді

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы екі ойыншысы мен бұрынғы бапкерінің клубтан ала алмай келген қарыздарын кешетіндіктері белгілі болды.

Андрей мен Дмитрий Мирошниченко және Виктор Дмитренко клубқа қарсы өткізген талап арыздарын кейін қайтарып алу туралы шешім шығарыпты. 

Кезінде «Актюбинец» сапында ойнап, кейін ұзақ жылдар бойы команда құрамында еңбек еткен Андрей Мирошниченко мән-жайды өзі түсіндірді. 

- Біріншіден «Ақтөбе» клубының мен үшін бөтен еместігін айтқым келеді. Мен ойыншы ретінде бұл командада жақсы кезеңімді бастан кешірдім. Қазіргі уақытта клубтың қандай қиын жағдайда қалғанын жақсы білемін. Сондықтан да маған қарыз болып қалған клубтың қарызын кешіру дұрыс деп шештім. 

Сонымен қатар, мен ұлыммен сөйлестім. Ақтөбе Диманың туған қаласы. Ал «Ақтөбе» оған үлкен футболға жол ашты. Сондықтан да Дима менің ұсынысымды құп көріп, барлық алажақтарынан бас тартты. 

Мен оған қоса Витя Дмитренкомен сөйлестім. «Ақтөбеде» өткізген уақыты оның есінде. Сол кездің өзінде ол командадағы, стадиондағы керемет атмосфераға куә болған еді. Виктор да бізге еріп, ақтөбеліктерге қатысты талаптарын қайтарып алды. Бұл біздің бұрынғы мықты «Ақтөбенің» қайта жаңғыруына қосқан үлесіміз болсын. Сөздің реті келгенде айта кетейін, мен клуб берешек болған басқа да ойыншылар мен мамандарға біз секілді клубқа қойған талаптарынан бас тартуларын сұраймын. Біздің футбол «Ақтөбе» секілді тарихы бай команданы жоғалтып алмауы тиіс деді» - Андрей Геннадьевич.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или