«Астана» - «Сутьеска» матчының билеттері сатылымда 

 «Астана» - «Сутьеска» матчының билеттері сатылымда 

«Астана» УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Сутьескаға» (Черногория) қарсы өз алаңында өткізетін ойынға билеттер құнын бекітті, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.

Барлық билеттер 3 санатқа бөлінген: 500 теңге, 1000 теңге және 1500 теңге. Орындықтар санаты бөлінген стадион құрылымы төменде. 

УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Астана» - «Сутьеска» (Черногория) арасындағы матч 11 шілде күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталу уақыты: 20.00 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или