Маркос Пиззели соңғы бес матчта тоғыз гол соқты
Армениялық шабуылшы Маркос Пиззелли Премьер лигада бес тур бойы қатарынан гол соғып келеді, деп жазады prosports.kz.
33 жастағы футболшы ел чемпионатының 12-ші турында <span>«Ертіс» (1:1) қақпасын дәл көздеген болатын. Содан бері «Ақтөбе» шабуылшысы жасыл алаңнан құр қол қайтып көрген жоқ. Әр ойында кем дегенде бір гол соғып жүр. </span>
<span>13-ші турда Алматыда «Қайратқа» (2:3) қарсы кездесуде екі гол, 14-ші турда «Ордабасы» (3:1) қақпасына бір гол соқты. Одан кейін «Тобылға» (3:2) қонаққа барып, хет-трик авторы атанды. Ал кеше өз алаңында «Шахтер» (2:0) қақпасына тағы екі гол соқты.</span>
<span>Осылайша, Пиззели соңғы 5 матчта 9 гол соғып отыр.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или