Хорватия құрамасы Данияны жеңді

Хорватия құрамасы Данияны жеңді

Ресей жерінде өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Хорватия мен Дания құрамасы кездесті, деп жазады

Еуропаның екі мықтысы ширек финал жолдамасына таластың көрігін қыздыра білді. Қос құрама сапында да жоғары деңгейлі ойыншылар жиналған. Әсіресе жартылай қорғаныс шебінде. Хорваттар сапында атақты Модрич пен Ракитич жүрсе, Данияның орталық алаңын Эриксен бір өзі меңгеріп, командасына күш беріп жүрді.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Қос гол да бірінші таймда соғылды. Ал екінші таймда, сонымен қатар 30 минуттық қосымша уақытта да гол соғылған жоқ. Сөйтіп, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. футбол лотереясында хорваттардың жолы болды.

Әлем чемпионаты. 1/8 финал

Хорватия - Дания 1:1 (1:1)

Гол соққандар: Манджукич (4) - Йоргенсен (1).

Пенальти сериясы - 3:2

Хорватия: Субашич, Врсалько, Стринич, Ловрен, Вида, Ракитич, Брозович, Модрич, Перишич, Ребич, Манджукич.

Дания: Шмейхель, Далсгор, Кнудсен, Кристенсен, Кьер, Йоргенсен, Эриксен, Делейни, Брайтвайт, Корнелиус, Поульсен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или