«Тобылдың» Еуропа лигасындағы қарсыласы 16 матч бойы жеңе алмай келеді

«Тобылдың» Еуропа лигасындағы қарсыласы 16 матч бойы жеңе алмай келеді

Қостанайлық «Тобылдың» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы грузиялық «Самтредиа» ұлттық чемпионатта сәлсіз өнер көрсетуде.

17-турда «Самтредиа» сырт алаңда «Руставиге» 1:2 есебімен есе жіберді. Қонақтар сапынан Интерс Гуй гол соқты.

17 турдан соң «Самтредиа» 9 ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында тұр. «Тобылдың» алдағы қарсыласы 16 матч бойы жеңіске жете алмай келеді. Соңғы рет «Самтредиа» 5 наурызда жеңіске жеткен.

«Тобыл» мен «Самтредиа» арасындағы алғашқы матч 10 шілдеде Грузияда, қарымта ойын 19 шілдеде Қазақстанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или