Маскерано Аргентина құрамасынан кетті
Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Хавьер Маскерано әлем чемпионатының 1/8 финалында Франциядан (3:4) жеңілген соң халықаралық мансабын аяқтады.
«Командаға «қош бол» дейтін сәт жетті. Енді мен құраманың жанкүйері ғанамын», - деді 34 жастағы футболшы.
Хавьер Аргентина құрамасында 2003 жылдан бері ойнаған. Ұлттық командамен бірге Маскерано екі рет Олимпиада ойындарын (2004, 2008) жеңіп, 2014 жылы әлем чемпионатының финалына шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или