ӘЧ-2018. Алғашқы ширек финалист анықталды

ӘЧ-2018. Алғашқы ширек финалист анықталды

Татарстанның Қазан қаласында әлем чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы матчы өтті.

Бұл матчта Франция мен Аргентина құрамалары кездескен. Матч жылдам голмен басталды. 13-минутта Килиан Мбаппе аргентиналықтардың бүкіл қорғанысынан қашып шыққан, алайда Маркос Рохо айып алаңында оған қарсы ойын тәртібін бұзды – пенальти. Нүктеге келген Антуан Гризманн дәлдік танытты.

Бұған оңтүстік америкалық құрама таймның соңына таман жауап қатты. Алаң ортасында допты қабылдап алған Анхель Ди Мария жойқын соққы бағыттаған – доп қақпаға «топ» ете қалды. Ал үзілістен кейін Габриэль Меркадо гол соғып, Сампоали шәкірттері есепте алға шыққан.

57-минутта француздар да әдемі голмен жауап қатты. Бенджамин Павар жойқын соққы бағыттап, допты «тоғыздықта» тулатты. Бұл голдан шабыттаған еуропалық құрамаға шабуылға ұмтылды. Нәтижесінде айналдырған 4 минутта екі гол соқты. 64-минутта Мбаппе француздардың басымдығын ұлғайтса, 68-минутта матчтың алтыншы, өз командасының төртінші голын соқты.

Бірақ аргентиналықтар соңғы ысқырыққа дейін есеп айырмасын қысқартып үлгерді. Мессидің пасынан кейін Агуэро қанжығасын майлады. Бірақ Аргентинада есепті теңестіретін уақыт та қалмаған еді. Қорытынды есеп – 4:3.

Осылайша, Аргентина құрамасы үшін 2018 жылғы әлем чемпионаты 1/8 финалда аяқталды. Ал Франция ширек финалда Уругвай – Португалия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

 

Франция – Аргентина 4:3 (1:1)

Голдар: 1:0 – Гризманн 13, 1:1 – Ди Мария 41, 1:2 – Меркадо 48, 2:2 – Павар 57, 3:2 – Мбаппе 64, 4:2 – Мбаппе 68, 4:3 – Агуэро 90+3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или