Жанкүйерлер Муртазаевты «Қайратқа» қарсы кездесудің үздігі деп таныды

Жанкүйерлер Муртазаевты «Қайратқа» қарсы кездесудің үздігі деп таныды

«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Қайратқа» (2:1) қарсы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады. 

Сауалнама қорытындысы бойынша жеңіс голының авторы Роман Муртазаев үздік атанды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Стас Покатилов қорғаған қақпаға айып алаңының сыртынан тамаша соққы бағыттап, елорда командасына жеңіс сыйлаған болатын. Роман жанкүйерлер тарапынан 63,1% дауыс жинады. 

Екінші орында команда капитаны Ненад Эрич. «Астана» қақпашысы осы кездесуде өзінің шеберлігімен көзге түсіп, қауіпті шабуылдардың бетін қайтарған болатын. 

Үздік үштікті Джордже Деспотович қорытындылады. «Астана» шабуылшысы бірінші таймның соңында есепті теңестірген еді. 

 

Дауыс беру бойынша үздік бестік 

1.Роман Муртазаев 63,1% 

2.Ненад Эрич 10,1% 

3.Джордже Деспотович 7,2% 

4.Марин Томасов 7,1% 

5.Дмитрий Шомко 5,2% 

Сауалнамаға 2 888 адам қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или