Жапония мен Колумбия - 1/8 финалда
Футболдан әлем біріншілігінде H тобының ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Польша Жапония қақпасына жауапсыз бір гол соғып жеңіске жетсе, Сенегал мен Колумбия құрамалары арасындағы матчта да бір ғана гол соғылды..
Осылайша, 6 ұпай жинаған Колумбия H тобынан бірінші орынмен шықса, бір ұпайы кем Азия құрлығының өкілі  Жапония екінші жолдамаға ие болды. 4 ұпай жинап, жапондармен бірдей көрсеткіш көрсеткен Сенегал құрамасы сары қағазы көп болғандықтан үшінші орынға тұрақтады. Ал Польша көш соңында.
Әлем чемпионаты - 2018. H тобы
Жапония - Польша 0:1 (0:0)
Голдар: Беднарек 60'
Жапония: Кавасима, Х. Сакаи, Йосида, Макино, Нагатомо, Ямагучи, Сибасаки, Г. Сакаи, Окадзаки, Усами, Муто.
Польша: Фабьянски, Берешинский, Глик, Беднарек, Курзава, Крыховяк, Горальски, Енджейчик, Зелиньски, Гросицкий, Левандовски.
Сенегал - Колумбия 0:1 (0:0)
Голдар: Мина 74'
Сенегал: Ндиайе, Сабали, Кулибали, Сане, Гассама, Сарр, Куяте, Гуйе, Мане, Кейта, Ньянг.
Колумбия: Оспина, Ариас, Санчес, Мина, Мохика, Санчес, Урибе, Куадрадо, Кинтеро, Хамес, Фалькао.