Белгілі UFC чемпионы футболдан Ресей құрамасын сынға алды
Аңызға айналған ММА чемпионы Олег Тактаров футболдан Ресей құрамасын сынға алды.
- Осы айдың басында сіз футболдан Ресей құрамасын сынға алып, команда бір жеңіске де қол жеткізе алмайтынын айтқан едіңіз. Енді Черчесовтың ұжымы плэй-оффқа шықты. Сөзіңден бас тартпайсыз ба?
- Менің орныма журналистер жазып тастаған. Сөздерімді бұрмалапты. Орынсыз тақырыптарды ойлап табады. Оларға рейтинг керек екені түсінікті ғой.
- Құраманың ойындарын бақылап жүресіз бе?
- Әрине. Мен кәсіби маманмын. Мұнда спорттың қай түрі екені маңызды емес. Футболшылардың бар психологиясын молекула бойынша жайып бере аламын. Футболды да жақсы ойнаймын. Оларға бұл берілмегені бірден көрінеді. Иә, олар аутсайдерге 5 гол соға алады. Әзірше менің болжамдарын орындалып жатыр, қорқыныштысы осы. Олардың болашағы туралы ойлағым да келмейді.