«Оқжетпес» «Астана» ойыншысын қатарына қосты
«Оқжетпес» «Астана» клубының ойыншысы Кусяпов Талғатты қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі okzhetpes.kz ресми баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойыншының карьерасы Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубында басталды. 2015 жылы қорғаушы «Астана» футбол клубынан шақырту алды. 2017 жылдың қазан айында Премьер Лига матчында Шымкенттік «Ордабасыға» қарсы Астананың негізгі комнадасында ойнады.
17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрама командасының сапында матчтар өткізді. Арендалық келісімшарт жарты жылға жасалды.
Туған жылы: 1999 ж. 14 желтоқсан. <br />Бойы: 189 см. <br />Салмағы: 80 кг. <br />Позиция: қорғаушы. <br />Азаматтығы: Қазақстан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или