Қазақстандық клубтар мен футболшылардың трансфер нарығындағы бағасы
Forbes.kz Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) ойыншыларының трансфер нарығында бағасын есептеп тізімін шығарды.
Қазақстан Премьер-Лигасының ең қымбат клубы - қазіргі чемпион «Астана» футбол клубы. Украиндық маман Роман Григорчук командасы 18,55 миллион еуроға бағаланып отыр. Астаналықтардың екі ойыншысы 2 миллион еуроны құрайды: 28 жасар қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко және 24 жастағы голландтық шабуылшы Патрик Твумаси. Бұлардан кейінгі орынға 30 жастағы хорватиялық шабуылшы Марин Томасов (1,7 миллион еуро) және Қазақстан құрамасының 29 жастағы қорғаушысы Юрий Логвиненко (1,2 миллион еуро) жайғасқан. Клубтың келесі төрт футболшысының әрқайсысы 1 миллион еуроға бағаланып отыр: Джордж Деспотович, Сергей Малый, Алексей Щеткин және Роман Муртазаев.

Алматының «Қайраты» екінші орында тұр. Оңтүстік астананың ойыншылары 16,53 млн еуроға бағаланған. Испандық Карлос Алос Феррер басқарған топтың ең қымбат ойыншысы - Бауыржан Исламхан (2 млн еуро). 30 жастағы бразилиялық шабуылшы Исаэль 1,7 млн еуроға, 25 жастағы жартылай қорғаушы Исламбек Қуат 1,5 млн еуроға және хорватиялық шабуылшы Иво Илечевич пен отандасымыз Гафуржан Суюмбаев 1,2 млн еуроға бағаланып отыр. Қақпашы Станислав Покатилов и орталық шабуылшы Уго Сильвейраның трансфер нарығындвғы бағасы - 1 млн еуро.

Кезінде «Арсеналға» 24 млн долларға сатылған Андрей Аршавиннің ҚПЛ-дағы трансфер бағасы - бар-жоғы 300 мың еуро.
Үшінші орынға 10,23 миллион еуромен Шымкенттің «Ордабасысы» жайғасқан. Команданың ең қымбат ойыншылары - 33 жастағы аргентиналық қорғаушы Пабло Фонтанелло (1,5 млн еуро) және оның жерлесі, 27 жастағы жартылай қорғаушы Факундо Бертоглио (1 млн еуро). Ең қымбат ойыншыларының тізіміндегі үштік 23-жастағы шабуылшы Еркебұлан Тұңғышбаетың еншісінде (800 мың еуро).
