«Тобылға» Краснодар ойыншысы ауысады
Колумбиялық Рикардо Лаборде келесі аптада «Тобыл» командасымен келісімшартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz
30 жастағы вингер соңғы 5 жылын Ресейдің клубтарының бірінде өткізді. Оның есебінде 73 матч пен «Қраснодар» құрамында 11 гол бар.
Лаборде бүгінде Қазақстанға виза алу үшін қажетті құжаттарды жинауға кіріскен.
«Тобыл» басшылығы Лабордемен келісімшартты терзірек бітіруге мүдделі. Олар бұл жаңалық туралы Еуропа лигасының іріктеуінің бірінші турына жақын жария етуді көздеп отыр.
Айта кетейік, қостанайлықтар Еуропа лигасының бірінші іріктеу турында грузиялық «Самотредиямен» ойнайды. Егер «Тобыл» өкілдері бірінші турдан аман өтсе, екінші раундта оларды «Пюник» - «Вардар» командаларының жеңімпазы күтіп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или