Әділбек Ниязымбетов: Бразилия әлем чемпионы атанады

Әділбек Ниязымбетов: Бразилия әлем чемпионы атанады

Әлем чемпионаты қызған шағына жетті. Бүгінде бүкіл әлем жанкүйерлері Ресей төріндегі додада кім чемпион болады деп бас қатыруда.  Аладоп аламанын  еліміздегі танымал спортшылар да қалт жібермей, қадағалап жүр.

Біз танымал қазақстандық спортшылардың қай командаға жанкүйер атанып, қай команданың жеңісіне бәс тігетінін  сұраған едік. Қазіргі сәтте team KZ өкілдерінің басым бөлігі оқу-жаттығу жиынында немесе жарыста жүргеніне қарамастан, бос уақыттарында қызықты матчтарды назардан тыс қалдырмауға тырысады. Біз оларға үш сұрақ жолдадық:

1. Әлем чемпионатында қай командаға жанкүйерсіз?

2. Ең үздік сұрмерген кім болады?

3. Әлемдік мундиалда қай команда чемпион атанады?

2012 жылғы Лондон және 2016 жылғы Рио Олимпиадаларының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов командалас достарымен бірге кейбір мачтарды тамашалап жүр. Бокстан ұлттық құрама жақында Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан оралды.

1. Португалия және Бразилия командаларына жанкүйермін.

2. Криштиану Роналду үздік сұрмерген атанады деп ойлаймын.

3. Бразилия әлем чемпионы атанады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или