«Қайрат» пен «Атырау» Қазақстан Кубогының финалына шықты

«Қайрат» пен «Атырау» Қазақстан Кубогының финалына шықты

Павлодар мен Атырауда Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгінгі ойында алаң иелерінің мерейі үстем болды. «Ертіс» «Қайраттың» қақпасына үш гол соқса, қонақтар бір доппен жауап қатты. Алғашқы ойын 2:0 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілген болатын. Осылайша, қонақта соққан жалғыз голдың арқасында алматылық ұжым финалға шықты.

«Ертіс» - «Қайрат» - 3:1 (1:1)

Голдар: Фонсека 5 (1:0), 71 (2:1), Воменко 81 (3:1) – Бахтияров 42 (1:1)

Атырауда өткен кездесуде де алаң қожайыны жеңіске жетті. «Атырау» клубының сапынан Сикимич, Зенькович және Хайруллин көзге түссе, «Шахтерден» Вух гол соқты. Алғашқы ойында гол соғылмаған еді. 

Енді финалда «Қайрат» пен «Атырау» командалары жолығады.

«Атырау» - «Шахтер» - 3:1 (0:0)

Голдар: Сикимич 4 (1:0), Зенькович 41 (2:1), Хайруллин 66 (3:1) – Вух 14 (1:1)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или