Саша Марьянович: Мен «Ақтөбенің» ойыншысымын
«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Саша Марьянович команда сапында не себепті қалғанын тарқатып айтып берді, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

-Саша, біріншіден, «Тобыл» командасынан басым түсіп, жеңіске жетулеріңмен құттықтаймын. Саған қостанайлық клубтың біздің бітіспес қарсылас екендігін айтып па еді?

-Рақмет! Мен де барша жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Иә, маған бұл жайлы айтқан болатын. Тіпті «Партизан» мен «Црвена Звезда» командаларын мысалға келтірді (күледі).

-Сенің командадан кетуің мүмкін деген әңгімелер айтылып жүрді. Осы әңгіменің басын ашып айтсаң?

-Иә, менің кетіп қалуға мүмкіндігім болды. Келіссөздер шарықтау шегіне жетіп, мен шынымен де кетуге шешім қабылдап қойған болатынмын. Бірақ сосын біз Кабирұлымен ( «Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақовпен) ұзақ уақыт сөйлестік, сөйтіп ол мені қалуға көндірді. Мен өзім де қуана-қуана қалдым. Өз еліңде ойнаған жақсы. Бірақ бұл жерде маған бәрі ұнайды, бәрі көңілімнен шығуда. Бұл жақтың жанкүйерлері ойын кезінде стадионның әрін келтіріп, тамаша қолдау көрсетуде. Бірақ ең бастысы – бұл жерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, кез-келген жағдайда бір-біріне көмектесе алатын ойыншылары бар ұжым бар. Мен шынымды айтсам, ешқашан бұндай ынтымағы жарасқан командада ойнап көрмеппін. Сондықтан алдын айтылған әңгімелерге нүкте қойғым келеді. Мен «Ақтөбе» ойыншысымын, осымен әңгіме жабылсын. Біз қазір өз алаңымызда «Шахтермен» болатын ойынға дайындалып жатырмыз.