Елордалық университет футбол жаттықтырушыларын дайындайды
Елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде жаңа футбол мамандықтарын оқытпақ, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>Қазақстан футбол федерациясы мен Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бірігіп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен футбол жаттықтырушысы мамандығын дайындау бойынша білім беру бағдарламасын іске қосты.</span>
<span>Әлеуметтік ғылым факультетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасы 2018-2019 оқу жылдарына арналған «5В010800 – Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы аясында «Футбол жаттықтырушысы» мамандығын ашты. Негізгі мақсаты – кәсіби біліктілігі жоғары футбол жаттықтырушыларын және футбол саласының мамандарын дайындау.</span>
<span>«Футбол жаттықтырушысы» мамандығына кез келген талапкер түсе алады. Оқу аяқталғаннан кейін УЕФА-ның «С» категориясы мен «Дене шынықтыру және спорт, футбол жаттықтырушысы» мамандығын ала алады. Осы мамандық арқылы 6-12 жас аралығында Қазақстан Республикасы мен Еуропа аумағындағы кез келген футбол құрылымдарында жұмыс істеуге болады.</span>
<span>Бастама 2018-2022 жылдарға арналған футбол дамыту стратегиясының шеберінде жүзеге асырылып отыр. Қазақстан футбол федерациясының басты міндеттерінің бірі – «1-11 сыныптарға арналған футбол сабағы» жобасын дамытуды жалғастыру және Қазақстанда футбол саласының мамандарының білімін көтеру.</span>