Перу әлем чемпионатында есікті әдемі жауып кетті
Мәскеуде С тобы аясында Аустралия мен Перу құрамалары кездескен.
Оңтүстікамерикалық құрама топтан шыға мүмкіндігінен айырылған еді, сондықтан бұл матчта тым болмаса ұпай еншілеуге тырысты. Ал Аустралия құрамасында топтан шығу мүмкіндігі сақтаулы еді.
Перулік футболшылар бар үміттен айырылса да, жігерлік танытты. 18-минутта Карильо есеп ашқан. Екінші таймның басында Герреро есепті еселеді. 2:0 – Перу құрамасы әлем чемпионатында есікті әдемі жауып кетті.
Осылайша, Перу С тобында үш ұпай алып үшінші орын алды. Ал жасыл құрлық өкілдері бір ұпаймен соңғы орында қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или