«Аймақтар Кубогы-2018» турнирінде финалға шыққандар анықталды

«Аймақтар Кубогы-2018» турнирінде финалға шыққандар анықталды

Рудныйда әуесқой командалар арасында республикалық турнирде финалға жолдама алған командалар белгілі болды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша «А» тобында «Игілік»  (Жамбыл облысы) мен «СДЮСШОР №8» (Астана) командалары, «В» тобында «Намыс» (Алматы облысы) мен «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» (Астана) командалары жартылай финалға өтті.

Алғашқы жартылай финалда «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» футболшылары «Игілік» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Екінші жұпта «СДЮСШОР №8» командасы «Намыстан» айласын асырды – 2:1.

Финалда елорданың екі ұжымы «СДЮСШОР №8» мен  «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или