Әлем чемпионатында 20 пенальти белгіленіп рекорд орнатылды
2018 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі 20 пенальти белгіленіп рекорд орнатылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
<span>2018 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Иран мен Португалия арасындағы матчта екі пенальти белгіленді</span>
<span>Арбитр Энрике Касерес бейнебақылау жүйесін пайдаланып, Иранның пайдасына қарай, Португалияға 11 метрлік айып добын белгіледі. Бұл - турнирдегі жиырмасыншы пенальти.</span>
<span>Әлем чемпионаттарының тарихында осынша көп пенальти ешқашан болмаған. Белгіленген пенальтилер бойынша бұған дейін жасалған рекорд - 18. Бұл 1990, 1998 және 2002 жылғы Әлем чемпионаттарында болған. 2018 жылы дүбірлі додада алғаш рет төрешілерге ойындағы даулы мәселелерді шешу үшін мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйелері іске қосылды. </span>