Ресейлік кондитерлер шоколадтан Мессидің мүсінін құйып шығарды
Алтуфьево кондитерлік үйі шоколадтан Аргентина құрамасының шабуылшысы Мессидің мүсінін жасады. Бұл туралы 24.kz жазды.
«Бұл атақты спортшының туған күніне тосын сый», - дейді ұйымдастырушылар.
Салмағы 60 келі болатын тәтті өнімді жасау үшін 5 кондитерлік үй 1 апта бойы бірігіп еңбектенген. Туынды толығымен қолдан жасалған.
Айта кету керек, 31 жасқа толатын Мессидің туған күні Броницада өтеді. Себебі Аргентинаның ұлттық құрамасы сонда тоқтаған. Ұйымдастырушылар туған күн иесін салтанатты концерт кезінде құттықтап, ерекше сыйлықты тарту етеді.
- Ресейде өтіп жатқан чемпионатқа байланысты Месси туған күнін осы жақта қарсы алады. Бұл жаңалықта білген кезде оған ерекше сыйлық жасауды жөн санадық. Шоколадтан жасалған мүсін спортшыға ұнайды деп үміттенеміз, - деді Алтуфьево кондитерлік үйінің бренд-шефі Дарья Малкина.